ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӨРТ АУМАҒЫНДА ҮСІК ЖҮРЕДІ
Республиканың Ақмола, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында үсік жүруіне байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BNews.kz.
«Күндіз 28, 29 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел күшейіп, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді, түнде 28-29 қыркүйекте ауа температурасы 1-3°C құрап, үсік жүреді деп болжануда. 28 қыркүйекте күндіз және 29 қыркүйекте тәулік бойы Жамбыл, Алматы облыстарында жаңбыр жауады деп болжануда, таулы және тау маңы аймақтарында жауын жауады (жаңбыр, қар), солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді, 28 қыркүйекте күндіз бұршақ жауып, 28-29 қыркүйекте күндіз 1-3°C үсік шалады. 28 қыркүйекте күндіз және 29 қыркүйекте тәулік бойы Қызылорда облысында шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, екпіні 25 м/с жетеді. 28-29 қыркүйекте түнде солтүстік аймақтарда жерді 1-3°C үсік шалады деп болжануда», - деп көрсетілген «Қазгидромет» таратқан хабарламада.