ЕҢБЕК АДАМЫ ҰЛЫҚТАЛҒАН КҮН
Қызылорда қаласында «Еңбек адамы - асқақ мәртебе» атты «Еңбек күні» мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті.
Қызылорда облысы кәсіподақтар Орталығы, салалық кәсіподақтар және Қызылорда кәсіподақтарының «Келешек» жастар қанатының ұйымдастыруымен өткен жиынға әр саладағы еңбек адамдары, еңбек ардагерлері және арнайы қонақтар қатысты. Салтанатты жиынды Кызылорда облысы Кәсіподақтар Орталығының төрайымы Ильясова Сауле Нұрбапақызы құттықтау сөзбен ашты. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы және облыстық орталық атынан Еңбек адамдары марапатталып, қошеметтелді.
Биылғы жылы Қазақстан Кәсіподақтар қозғалысына 110 жыл толуына байланысты және атаулы мерекеге орай облысымыздағы Кәсіподақтар ардагерлеріне, белсінділеріне құрмет көрсетілді. Арнайы қонақтар тапсыруымен Қызылорда облысы әкімшілігі және Қызылорда облыстық «НұрОтан» партиясы марапаттары табысталды. Салалық Кәсіподақтар төрағалары құттықтау сөз сөйлеп, өз салалары еңбекшілеріне мерекеге орай марапаттар жасады.
Салтанатты жиынды мерекелік ән шашулар толықтырды.