ҚАЗАҚСТАНДА ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ МЕХАНИЗМІ ӨЗГЕРЕДІ
Мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенованың айтуынша, республикада әлеуметтік жәрдем жаңа форматқа өтеді. Министрдің айтуынша, заң жобасы әлеуметтік саладағы екі маңызды өзгерісті көздейді. Бірінші - азаматтардың кейбір санаттарына берілетін әлеуметтік төлемдерге қолжетімділікті арттыру. Екіншіден, аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік қолдауды күшейту.
"Бірнеше әлеуметтік жәрдемақыны біріктіру арқылы бір жәрдемақы белгілеу қарастырылады. Бұл мүгедек және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қатысты жәрдемақыға қатысты. Бүгінде бұл санаттағы азаматтарға екі түрлі әлеуметтік жәрдемақы тағайындалған. Осыған байланысты мемлекет тарапынан кепілдендірілген мүгедектігі бойынша тағайындалатын әлеуметтік жәрдемақы. Мұның мөлшері күнкөріс деңгейі есебіне байланысты анықталады. Екіншісі, 1999 жылдан бері натуралды жәрдемнің орнына беріліп келе жатқан арнаулы әлеуметтік жәрдемақы. Бұл жәрдемақыны есептеу базасы айлық есептік көрсеткішке тәуелді", - деді Дүйсенова.
"Мысалы бірінші топтағы мүгедек азаматқа қазіргі кезде 30 мың 337 теңге кепілдендірілген мүгедектігі бойынша жәрдемақы және 2954 теңге мөлшерінде арнаулы жәрдемақы төленеді. Сонда жәрдемақының жалпы сомасы 33 мың 291 теңге болып отыр. Заң жобасына сәйкес, осы азаматқа 33 мың 291 теңге көлеміндегі мүгедектігі бойынша бір ғана жәрдемақы тағайындалатын болады және бір пакет құжаттар тізімі енгізілетін болады", - деп түсіндірді ол.
Сонымен қатар, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің отбасының әр мүшесі үшін 50 пайызын ғана алатын жанұяларға әлеуметтік жәрдемнің жаңа тәртібін енгізу қарастырылған.