ӨРТ БӨЛІМШЕСІНЕ САЯХАТ
«ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ қызметкерлері Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі ММ №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне саяхат жасады.
Мұнай өндіруші мекеменің жұмысшылары өртке қарсы қызметтің және №2 мамандандырылған өрт бөлімінің тарихымен, сондай-ақ, әскери қызмет атқарудың жағдайымен танысты. Бұдан басқа өрт сөндіру қызметі және авариялық-құтқару жұмысы мекемесінің бөлім бастығы өртке қарсы қызмет подполковнигі Қосмұратов Болатбек Насрединұлы «Holmatro» гидравликалық құтқару жабдығының жинағын көрсетіп, өрт техникасының және өрт-техникалық жабдығының міндеттерін жан-жақты айтып берді.
Сұйық қоймадағы мұнай мен мұнай өнімдерін немесе газдық және мұнай фонтандарының өртін сөндіру кезінде суды көбіне табиғи және қолдан жасалған су қоймасынан алады.
«Суды тарту кезінде сору торы суда су қоймасы деңгейінен 300 мм төменде болу керек. Оны су қоймасының түбіне түсіру қажет емес, өйткені сорғыш қуысына құм немесе балшық түсуі мүмкін. Сорғыш құбырды қатты майыстыруға жол бермеу керек, ол ауа кептелісіне немесе сорғыш жұмысы кезінде кавитацияның пайда болуына әкеп соқтырады», - деді өртке қарсы қызмет подполковнигі Қосмұратов Болатбек.
Өз кезегінде қонақтар өрт сондіру қызметінің ұжымына қызықты және әрбір қатысушы пайдалы ақпарат алатындай танымдық саяхат жасағаны үшін алғыс білдірді.
Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару
жұмыстары қызметі» ММ