АЙМАҚ БАСШЫСЫ ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Бүгін облыс әкімі Қ.Көшербаев «Айтбай» мешітіне барып барша жамағатты Құрбан айт мерекесімен құттықтады.
– Бұл мейрам – ұлт пен ұлысты ұйыстыратын рухани құндылықтардың бірі. Осы қасиетті күні көпшілік бір-біріне ақжарма тілек арнап, өткен реніштерін кешіреді. Ендеше баршаңыздың ниет етіп шалған құрбандықтарыңыз, құлшылық еткен дұғаларыңыз бен тілектеріңіз қабыл болсын, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Бес парыздың бірі - қажылықпен тұспа-түс келетін қасиетті айтың орны ерекше. Құрбайн айт – кең пейілділік пен жомарттықтың, бауырмалдық пен қайырымдылықтың мерекесі. Таңмен Алланың жердегі үйіне жиылған жамағат ізгілік пен адалдықты ұлықтап, заманы мен елінің тыныштығын, отбасы мен Отанының амандығын тіледі.
Айт намазынан кейін арнайы белгіленген орынға жамағат құран бағыштап, құрбандық шалды. Сондай-ақ, мешіт ауласында қазақша күрес, асық ату, гір көтеру секілді спорттық ойындардан сайыстар өтті.