ҚЫЗЫЛОРДАДА ДӘСТҮРЛІ V «ЖҮРЕК ЖЫЛУЫ» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
Бүгін Қызылордада дәстүрге айналған «Жүрек жылуы» атты мүмкіндігі шектеулі балалардың қатысуымен облыстық өнер фестивалінің қорытынды кеші болып өтті. Екі күнге созылған фестивальге облыс аудандары мен Қызылорда қаласынан 130-ға жуық өнерлі балалар қатысып, өздерінің шығармашылық мүмкіндіктерін ортаға салды.
Алдымен аудандар мен қаладағы көру қабілеті бұзылған балалардың арнайы мектеп-интернаты, облыстық ба¬лаларды оңалту орталығы, балаларға арналған психоневрологиялық интернат үйінің және есту қабілеті нашар балалардың арнайы мектеп-интернаты тәрбиеленушілерінің қолынан шыққан қолөнер мен сурет көрмесі көпшілік назарына ұсынылды.
Айта кетейік, «Жүрек жылуы» өнер фестивалі биыл Қызылордада осымен бесінші мәрте өткізіліп отыр. Фестивальдің негізгі мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балалардың өнерге деген ынта-ықы¬ласын арттыру, өмірге деген оң көзқарасын қалып¬тастыру, оларды қоғамдық жұмыстарға тарту, бел¬сене араласуға шақыру және өзге балалар секілді барлығына тең құқылы екендіктерін білдіру болып табылды.
Өмірді өзінше танып, ішкі жан дүниесімен сезіне білген мүмкіндігі шектеулі жандар өнер әлеміне деген құлшыныстарын тамаша әнмен, мың бұралған бимен, өлеңді мәнерлеп оқумен жеткізіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Шара соңында жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен мараппатталды.