БАҚ ӨКІЛДЕРІМЕН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ СЕМИНАР БАРЫСЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ
2015 жылғы 23 қыркүйекте Қызылорда облыстық коммуникациялар орталығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Байхожаевпен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі басымдықтарын түсіндіру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша «Сыр медиа» ЖШС-нің қызметкерлерінің қатысуымен құқықтық семинар өткізілді.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға арналған құқықтық семинарға 40-тан астам бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Байхожаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі бөлімдерімен, мақсат-міндеттерімен таныстырып, осы бағдарламалық құжаттың Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауларында белгілеген нақты міндеттерді жүзеге асырудағы маңыздылығын, осы бағыт бойынша Департаментпен атқарылып жатқан іс-шаралар, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында бірнеше дамыған елдердің жемісті күрес тәжірибесі жөнінде әңгімеледі.
Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары сыбайлас жемқорлықты қоғамның қабылдамауы ахуалын қалыптастыруды қамтамасыз етуге, қазақстандықтардың белсенді азаматтық ұстанымдарының қалыптасуына, олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ісіне белсенді қатысуына үлкен ықпал жасайтындығын атап өтті.
Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін әсіресе сыбайлас жемқорлыққа қарсы «нөлдік» төзбеушілік қалыптастырудағы қоғаммен әрекеттесу механизмдері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру жолдары, қолданыстағы заңнамалар қызықтырды.
Кездесу соңында қатысушыларға «сыбайлас жемқорлыққа қарсы» жадынамалар таратылып, сауалнамалар алынды.