БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ ҰЛТТЫҚ ҚОР ҚАРЖЫСЫН ИГЕРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖАНДАНДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Ұлттық қордан бөлінген қаржыны игеру мәселесіне арналған жиын өткізді, деп хабарлайды BNews.kz.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Ұлттық қордан «Бәйтерек» холдингіне өңдеу саласындағы кәсіпкерлерді қолдау мақсатында қомақты қаржы бөлінген болатын.
2014-2015 жылдары шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыру үшін 200 млрд теңге, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне кредит бөлу үшін 100 млрд теңге бағытталды.
Қазақстан даму банкі (ҚДБ) желісі бойынша ірі инвестициялық жобаларға ұзақмерзімді жеңілдетілген кредит бөлу келесі шарттар негізінде жүзеге асады: нақты сыйақы мөлшері – жылына 6%, кредит беру мерзімі – 10 жыл, негізгі қарызды төлеу үшін жеңілдетілген кезең – 24 ай, бір зайымшыға берілетін шекті қаржы – 200 млн теңгеден 5 млрд теңгеге дейін.
Бөлінген 100 млрд теңгенің бүгінде 50,9 млрд теңгесі игерілген, олар химия өнеркәсібі, металлургия, азық-түлік өндірісі саласындағы 47 жобаға бағытталды. Сондай-ақ 75,3 млрд теңгеге 70 жобаны қаржыландыру мақұлданды.
«Даму» қоры арқылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері келесі шарттар негізінде кредит ала алады: нақты сыйақы мөлшері – жылына 6%-дан аспайды, кредиттік желі бойынша қолжетімділік кезеңі – бір жылға дейін, бір зайымшыға берілетін шекті қаржы – 1 850 млн теңге.
Бөлінген 200 млрд теңгенің 192,7 млрд теңгесі 1069 жобаны қаржыландыруға жұмсалған.
Жиналыс қорытындысы бойынша «Бәйтерек» холдингіне, ҚДБ мен «Даму» қорына банктермен бірлесе отырып, Ұлттық қордан бөлінген қаржыны игеру жұмыстарын жандандыру міндеті жүктелді.