ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ КӘСІПКЕР НЕМІС КОМПАНИЯСЫМЕН КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗУДЕ
Қызылордалық жеке кәсіпкер Жомарт Жолдыбаев «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының «Іскерлік байланыстар» жобасының екінші кезеңі аясында Германияға барып келді.
Қазақстандық топ-менеджерлер онда басқару негізіне дайындық бағдарламасынан өтті. Кәсіпкер менеджмент саласында білімін арттырғанын, неміс кәсіпорындарының жұмысымен танысқанын айтады. Кәсіби деңгейде презентацияны жасауды, бизнес-келіссөздер жүргізу, серіктестермен іскерлік байланыстарды реттеуді үйренді. Банк ісінде инновациялық жаңалықтармен танысып, «Deutshe Bank»-тің инновациялық технологияларын ескере отырып, кеңес берудің жаңа заманғы үлгілері жайында білді.
- Фермерлік шаруашылықта, биоөнімдер, нан өнімдерін шығаратын кәсіпорындарда болып, «BMW» фирмасының жұмысымен таныстық. Халықаралық оперативті маркетинг құралдарының әсері жайында толық мағлұмат алдық. Мен консалтингтік қызмет саласында бизнеспен айналысамын. Алайда осы іссапардан соң бетоннан түрлі құрылыс өнімдерін шығарумен айналысуды қолға алғым келеді. Қазір мен «HESS Group» компаниясымен келіссөздер жүргізудемін. Олар бетоннан өнім шығаратын құрал-жабдық пен машиналарды ұсынуда. Компанияның сату менеджері Фаст Иванмен танысып, неміс құрал-жабдықтарын сатып алу бойынша келіссөздер жүргізудемін, - дейді Жомарт Жолдыбаев.
Еске салайық, бағдарлама аясында шағын және орта кәсіпорындардың топ-менеджерлері АҚШ пен Германияға 4 апталық сапарға тегін бара алады.
Толығырақ ақпаратты «Даму» қорының www.damu.kz сайтынан немесе кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына білуге болады.