МӘЖІЛІСТЕ ДАРИҒА НАЗАРБАЕВАНЫҢ ОРНЫНА ЖАҢА ВИЦЕ-СПИКЕР САЙЛАНДЫ
Төменгі палатаның вице-спикері болып Мәжіліс депутаты Абай Тасболатов сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұған дейін бұл қызметті Дариға Назарбаева атқарған болатын.
Мәжілістің кеңейтілген отырысында төменгі палатаның спикері Қабиболла Жақыпов осы кандидатураға дауыс беруге шақырды. "Бәріңіз оны жақсы білесіздер", - деді Жақыпов.
Мәжілісмен Мұхтар Тінікеев парламент тарихында ешқашан вице-спикердің генерал болмағанын айтты. "Көршілерден үлгі алайық", - деді Жақыпов. Ұжым Тасболатовтың шешім қабылдай алатындығын алға тартты. Депутаттар бір ауыздан "Иә" деген дауыс берді.
Жақыпов өз кезегінде: "Жұмысты бастайық. Әскерилерше айтсақ, сауытымыз бүтін. Қара бала да, сары бала да бар", - деді.
Еске сала кетейік, 11 қыркүйекте Мемлекет басшысының бұйрығымен Дариға Назарбаева Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл тағайындауға дейін Назарбаева Парламент Мәжілісінде 2012 жылдан бастап жұмыс істеді. Депутат болды, әлеуметтік-мәдени даму комитетін басқарды. 2014 жылы сәуірде Мәжілістің вице-спикері, "Нұр Отан" партиясы парламенттік фракциясының басшысы болып тағайындалды.