БҮГІН ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ АУМАҒЫНДА КҮН АШЫҚ
Қазақстанның басым аумағында күн ашық. Тек солтүстік пен шығыста күн райы құбылмалы, кей жерлерде жауын-шашын, күндіз жел күшейеді. Республиканың солтүстігінде, орталығы мен шығысында тұман түседі деп күтілуде.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсіп, күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қарағанды облысында кей бөліктерде тұман түседі. Павлодар, түнде Алматы, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау өңірлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді, Маңғыстау облысында шаңды дауыл көтеріледі.
Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай өңірлерінде төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.