«ҚАЗТРАНСГАЗАЙМАҚ» ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚАРАЖАТ ЕСЕБІНЕН ТЕГІН ҚОЙЫЛҒАН ГАЗ ЕСЕПТЕГІШ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫН ҚАЙТАРЫП АЛМАҚ
Үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегінен бастап облыста газдың текше метрі 18,95 теңге болды. Сондай-ақ, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалының қызметкерлері біраз жыл бұрын 22 мың абонентке инвестициялық қаражат есебінен тегін қойылған газ есептегіш құрылғыларын қайтарып алмақ. Оның себебін өңірдегі жалғыз монополист мекеме құрылғылардың тексеру мерзімі өтіп кеткенін және істен шыққан болуымен түсіндіреді.
Егер филиал қызметкерлері есептеуіш құралдарына жете алмаған немесе олардың жұмысын атқаруға әдейі кедергі келтірілген жағдайда есептеуіш құралдарының көрсетілімдері қабылданбайтынын және тұтынылған газ құны тұрмыстық тұтынушылар үшін тұтыну нормаларына сәйкес есептелетінін хабарлайды. Жеке үйде тұратындарға тағам дайындау үшін 1 адамға жұмсалатын табиғи газ – 12,5 текше метрге тең. Бұл туралы бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен брифинг барысында «ҚазТрансГазАймақ» АҚ техникалық директоры Равиль Исмаилов мәлімдеді. Сондай-ақ, жиынға өндірістік филиалы директорының орынбасары Қайнар Нұрлыбаев және облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы Шолпан Оспанова қатысып, «көгілдір отынның» аймақтағы бағамы мен газдандыру жұмыстары жайында хабардар етті.
Ескі есептегіш құралдарын филиал қызметкерлері шешіп алғаннан соң газ пайдаланушылар өз қаражатына жаңа есептегіш құрал сатып алуы керек. Құралдарды жеке фирмалардан сатып ала ма, әлде газ жеткізуші компанияның қызметкерлеріне жүгіне ме – ол тұтынушының өз еркі. «ҚазТрансГазАймақ» облыстық филиалы қызметкерлерінің айтунша, 1 есептегіш құралдың бағасы орта есеппен 9 мың теңгеден басталады, ал орнатуы 4 мың теңгеден басталады.
Сонымен қатар, «ҚазТрансГазАймақ» қызметкерлері осы жағдайды пайдаланып, пайда тапқысы келетін алаяқтардан абай болуға шақырады.
Айта кетейік, мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асқан еліміздегі серпінді инфраструктуралық жобалардың бірі - республиканың оңтүстік өңірлерін газдандыруға бағытталған «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды газ құбыры құрылысының І-кезеңінің аяқталуы 2015 жылдың соңына жоспарланған. Елді мекендерді газдандырудың мәселелерін қарқынды шешу үшін Қызылорда облысы әкімдігі «ҚазТрансГазАймақ» компаниясымен 4 ауданның орталықтарын – Арал қаласын, Әйтеке би, Шиелі, Жаңақорған кенттерін, сонымен қатар Байқоңыр қаласын газдандыру жөнінде келісімге қол жеткізді. Осы тұста «ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясы облыс үшін маңызы зор бірнеше жобаны білек сыбана қолға алдып, жалпы ұзындығы 1500 шақырымға жуық газ тасымалдау желісін жүргізді. Аймақ инфрақұрылымын дамытуға «ҚазТрансГазАймақ» компаниясы барлығы 23 млрд. теңге тікелей инвестиция салды. Осы негізгі газ желісіне қосылу арқылы аймақтың барлық елді мекендерді кезең-кезеңімен көгілдір отынмен қамтылып келеді.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА