ҰРЫЛАРДЫҢ ҚАТАРЫ КӨБЕЙГЕН
Қазіргі таңда облыс аумағында алаяқтық, пәтер тонау, мал ұрлығы көрсеткіштерінде былтырғымен салыстырғанда өсім байқалады. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған Бағдарлама бекітіліп, осы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында, ОІІД-нің Криминалдық полиция басқармасы басқада қызмет бөліністерімен бірлесе отырып, жан-жақты іс-шараларды қолға алуда. Бүгін облыс әкімдігінде өткен басқосуда Қызылорда әкімі аппараты басшысының орынбасары Галымбек Алпысбаев, облыстық прокуратура прокуроры Дархан Құрмантаев және Криминалдық полиция басқармасы басшысы Ғани Төлебаев аталмыш құқықбұзушылықтар жайында баяндады.
Мәліметтер бойынша 2015 жылдың 8 айында облыс бойынша 8828 қылмыстық құқық бұзушылықтар тіркелген болса, оның 4301 немесе 48,7 пайызы ұрлық қылмыстары құрап, олар өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 203-ке немесе 5 % өскен.
Бұл қылмыстың түрлері бойынша Қазалы ауданы көш бастап тұр. Қармақшы ауданында екінші орында болса, Шиелі ауданы үшінші орынға жайғасты. Жаңақорған ауданынан кейін, Байқоңыр қаласы бестікті қортындылайды.
Бұл санаттағы қылмыстардың негізгі объектісіне келетін болсақ, олар түрт түлік мал, ұялы телефон, пәтер және қалта ұрлықтары. Бұл меншік түрлері басқа меншік түрлеріне қарағанда жиі ұрланады (тоналады) және қылмыстық ортада кең таралған.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА