ҚҰТЫРМА АУРУЫНАН САҚТАНАЙЫҚ!
Соңғы жылдары облыста санитарлық-гигиеналқ және түрлі індеттерге қарсы жүргізетін іс-шараларға жергілікті және республикалық бюджеттен қыруар қаржы бөлінуде. Соның нәтижесінде саладағы жағдайд тұрақтанып, қызмет көрсеткіші біршама ілгерілеген. Бұл туралы бүгін «Сыр медиа» жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен брифинг барысында облыстық Тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары Ұлболсын Аханаева хабарлады.
Қызылорда облысы құтырма ауруының табиғи ошағында орналасқан. Сондықтан аймақта құтырма ауруынан эпидемиологиялық жағдай қолайсыз болып қалыптасуда деп отыр мамандар. «Құтырма ауруынан сақтанайық!» тақырыбында өткен жиында облыстық ветеринариялық бақылау басқармасы басшысы Ерсұлтан Апетов елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету ережесі туралы айтып өтті. Оның айтуынша, облыс бойынша соңғы бес жылда құтырма ауруымен 8 жағдай тіркеліп, барлығы өлім жағдайларымен аяқталған. Есепті жылдың басында 4 адам қауіпті жерден 2 жабайы және 1 үй жануарынан жарақат алған. Адамдарға жарақат салған 3 жануардың бас мүшелері облыстық ветеринариялық зертхана жолданып, нәтижелері оң болып анықталды. Дегенмен, уақытында құтырмаға қарсы екпелерін алған барлық жарақаттанушылар аман қалған.
«Құтырма – ит пен мысықтың, жабайы аңдар мен үй жануарларының тістеуінен болатын, жүйке жүйесінің ауыр зақымдалуымен сипатталып, өлім-жітімге әкеп соқтыратын аса қауіпті вирусты жұқпа. Құтырмаға әсіресе аул тұрғындары мен 14 жасқа дейінгі белсенді жасөспірімдер жиі шалдығады. Емі жоқ. Жалғыз ғана тәсілі – алдын-алу, яғни егу. Аурудың инкубациялық кезеңі 12 күннен 1 жылға дейін созылуы мүмкін. Бұл жерде ең бастысы уақытты өткізіп алмау. Құтыру ауруының белгілері – әлсіздік, бас ауруы, дене қызуының көтерілуі, тамақ ауруы және құсу. Тістеген жердің терісі қызарып, ауыра бастайды. Одан әрі науқаста әлсіздік, күйгелектік, тітіркенушілік, жабырқаушылық пайда болады да, көретін, иіс сезетін сұмдық елестермен ұласады, одан әрі судан қорқу ұстамасымен жалғасады», - дейді Ұ. Аханаева.
Әрбір адам иттер немесе жабайы жануарлар жарақаттаған жағдайда сабынды су ертіндісімен жараны жуып, міндетті түрде дәрігерге қаралу керек. Дер кезінде жасалған егу қайғылы оқиғаның алдын алуға мүмкіндік береді. Сондықтан да араға уақыт салмай-ақ халаттылардың көмегіне жүгіну қажет. Құтырма аса қауіпті ауру екенін әр адам есте ұстағаны абзал.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА