ҚР БҒМ: БІЛІМ БЕРУ ЖИНАҚТАУ ЖҮЙЕСІНІҢ САЛЫМШЫЛАРЫ ӨТЕМАҚЫ АЛУ ҮШІН ЕДБ-ҒА ЖҮГІНУІ ТИІС
Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің салымшылары білім беру жинақтау депозитін қайта ресімдеу үшін 2015 жылдың 1 қазанына дейін қызмет көрсететін банкке баруы қажет. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі таратқан хабарламада айтылған.
«Теңгенің еркін айырбас бағамына көшуіне байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2015 жылғы 9 қыркүйекте бекіткен Жеке тұлғалардың ұлттық валютада (теңгеде) ашылған депозиттері бойынша өтемақы төлеу тәртібіне негізделе отырып, Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің салымшылары білім беру жинақтау депозитін қайта ресімдеу үшін 2015 жылдың 1 қазанына дейін қызмет көрсететін банкке бару қажет», - деп түсіндірді ведомстводан.
ҚР БҒМ баспасөз қызметінің мәліметінше, өтемақы төлеу тәртібіне сәйкес 2015 жылғы 18 тамызда операциялық күннің соңында Қазақстанның екінші деңгейлі банктерінде теңгеде ашылған салымы бар салымшыға өтемақы төленеді. 2015 жылғы 18 тамыздағы жағдайға сәйкес салым бойынша банктік шоттағы қалдық 1 миллион теңгеден аспауы тиіс.
Сонымен қатар, өтемақы алу үшін салымшы арнайы шоттағы депозитті Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде, оның ішінде Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі бойынша ақшалай қаражатты алу жағдайларын есептемегенде кемінде бір жыл бойы сақтауға міндеттеледі.