«БАТЫС ҚЫТАЙ - БАТЫС ЕВРОПА» ТРАССАСЫНДА ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ ӨТТІ
«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын-алу мен салдарын жоюда ішкі істер және төтенше жағдайлар органдарының өзара іс-қимылдары» тақырыбы бойынша 2015 жылдың 21 қыркүйегінде облыстық ІІД Жедел басқару орталығын базасында Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызмет басқармасның ұйымдастыруымен ІІД жедел жоспарлау басқамасының кезекші аусымымен, Жедел басқару орталығы қызметкерлерімен, аудандық ІІБ-нің кезекші бөлімдерінің басшыларымен тәжірибелік сабақ өтті.
Сабақтың тақырыбы: «Батыс Қытай - Батыс Европа» трассасының Белкөл елді-мекенінің тұсында орын алған ірі жол-көлік оқиғасының салдарын жою» болды.
ТЖД және ІІД жедел кезекшілерімен тәжірибелік сабақтың жүру барысында орын алған төтенше жағдайларды жою кезіндегі жедел кезекші іс-қимыл алгоритмінің талаптары толығымен орындалды.
Тәжірибелік сабақты қорыта келгенде, сабақ барысында туындаған сұрақтар талқыланып, ІІД және БКДҚБ жедел кезекшілерінің ой-пікірлері тыңдалды. Сабаққа қатысушылар алдағы уақытта осындай сабақтар қалалық, аудандық ІІБ және ТЖД бөлімшелерінде өткізіліп тұру жөнінде оң пікірін білдірді.
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті
Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызмет басқармасы