ҮКІМЕТ ҮЙІНДЕ БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТТІ
Кеше Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Байқоңыр қаласын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Кеңеске Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев, мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінен.
Қазақстан ғарыш саласын белсенді дамытып, жеке көлемді ғарыш бағдарламасын іске асырып жатыр. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың арқасында үшінші қазақстандық ғарышкер ғарыш әлеміне аттанды.
Кеңес барысында «Байқоңыр» кешенін 2014-2016 жылдары бірлесіп пайдалану бойынша Жол картасын іске асыру барысы қарастырылды. Аталған құжат «Байқоңыр» ғарыш айлағы, Байқоңыр қаласының қызмет етуі және дамуы, «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенін құру жобасын іске асыру мәселелерін қамтып отыр.
Атап айтқанда, Жол картасының аясында қаладағы алты мектеп пен бір балабақша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің балансына берілген. Кеңес соңында Байқоңыр қаласын одан әрі дамыту бойынша тапсырмалар берілді.