БҮГІН ЕЛІМІЗДЕ КҮН АШЫҚ
Қазақстанның басым аумағында күн ашық болады. Республиканың солтүстігінде, шығысында күн райы құбылмалы, кей жерлерде жауын-шашын, оңтүстік-шығыста жаңбыр жауып, жел күшейеді, деп хабарлайды BNews.kz.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысы мен орталығында кей бөліктерде тұман түседі деп күтілуде. Ақмола облысында тұман түсіп, түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Жамбыл, Павлодар өңірлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында кей бөліктерде тұман түседі. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарында төтенше өрт қаупі сақталады.