ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР «БОЛАШАҚ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТИПЕНДИАТЫНЫҢ СТАТУСЫ ТУРАЛЫ АНЫҚТАМАНЫ ХҚКО АРҚЫЛЫ АЛА АЛАТЫН БОЛАДЫ
Аталған анықтаманы алу үшін азаматтың өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы және қажетті өтініштерді толтыруы тиіс. Егер клиент ХҚКО-ға жеке өзі келе алмаса, қызметті алуға жүгінген өкілге нотариалды куәландырылған сенімхат керек.
«ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташеваның айтуы бойынша, бұрын бұл қызмет ҚР Білім және ғылым министрлігінің Халықаралық бағдарламалар орталығында ғана ұсынылатын, енді «Болашақ» халықаралық стипендиатының мәртебесі туралы анықтаманы ҚР-дың барлық 267 ХҚКО-сынан алуға болады. «Шетелдік жоғары оқу орындарының түлектері кез келген ХҚКО-ға барып, электрондық кезек тәртібімен жүгіне алады және де олардан аталған қызметті алуға өтінім қабылданады», - деп қосып өтті ол.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі Астана тұрғындары үшін 1 жұмыс күнін (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), басқа өңірлердің тұрғындары үшін – күнтізбелік 15 күнді (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) құрайды.
Мемлекеттік қызмет тегін ұсынылады.
Сондай-ақ, Ә.Балташева 1 және 2 топ мүгедектігі бар адамдардың үйіне барумен қызмет ала алатындығын хабарлады. Бұл үшін оларға 1414 нөмірі бойынша Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну және қызметті алу үшін қолайлы уақытты көрсету керек. Мобильдік топ 72 сағат ішінде қызмет көрсету үшін үйге барады.
Анықтама ретінде: Бүгінгі күні Қазақстанда 191 мемлекеттік қызметті көрсететін 267 халыққа қызмет көрсету орталығы қызмет жасауда.
Ағымдағы жылдың 8 айына ҚР ХҚКО-ларында 24 миллионнан астам қызмет көрсетілді.
Баспасөз қызметі ХҚКО Қызылорда облысы бойынша