ЖЕРГІЛІКТІ КӘСІПКЕРЛІК ЖАНДАНУДА
«Лаваджио» итальяндық химиялық тазалау цехының ашылғанына 3 айдың жүзі болды. Даму қоры арқылы 9 млн теңге алып, осындай кәсіппен айналысуда, деп хабарлайды kogamtv.kz.
Ол қаржыға тоқыма және тері бұйымдарын химиялық тазалау орталығына құрал-жабдықтар сатып алынған. Бүгінде цех тапсырыспен жұмыс жасауда. Ал өз қаражаты есебінен кәсіпкер Асқар Әбікенов полиэтилен буытлка мен гигиеналық қағаз шығарумен айналысуда. 2012 жылдан бері полиэтилен құтыларын тапсырыспен шығарып келсе, қазір гигиеналық қағаз жасап сатуда. Арнайы құрал-жабдықтарды 2 млн. теңгеге Украинадан сатып алды.
Керекті шикізатты да Ресейден, Алматыдан тапсырыспен алдыртады.
Керекті шикізатты да Ресейден, Алматыдан тапсырыспен алдыртады.