ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ДИҚАНДАР БИЫЛ КҮРІШТІ МОЛЫНАН ЖИНАМАҚ
Қызылорда өңірінде 20 жылдай қолдан қолға өтіп, тоз-тозы шыққан элеватор мемлекет меншігіне қайтарылып, диқандардың айы оңынан туды, деп хабарлайды 24.кз.
Қуатты кәсіпорын биыл 27 шаруашылықтан 23 мың тонна күріш сатып алуды жоспарлап отыр. Сыр өңіріндегі жалғыз астық сақтайтын элеватор көп жылдар бойы жекенің қолында болды. Ал кәсіпкерлер күріш құнын тым төмендетіп жіберіп, диқан қауым тығырыққа тірелген еді. Күріш элеваторы мемлекет меншігіне қайтарылғаннан кейін барып, күрделі мәселенің күрмеуі шешілгендей. Қаңырап, тұралаған алып өндірістің бойына қан жүгірді. Өткен жылы 2 мың тонна ғана күріш қабылданса, биыл бұл меже 23 мың тоннадан асып жығылмақ. Ал шаруалар үшін тиімді жағы – алдағы егін маусымында элеваторға өткізетін өнімнің ақысы алдынала қолдарына тиеді. Бағасы да кәсіпкерлердің көңілдерінен шығып отыр.
- Негізі бұл элеватор 80 мың тонналық күрішке арналған. Элеватор биыл енді жөндеуден өткенде келесі жылы біз 54 мың тонна күріш қабылдауға мүмкіндігіміз болады, - дейді күріш элеваторының директоры Самұрат Көпешов.
Фючерлік келісім-шартпен осы әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияға өткізеді. Элеватор жанындағы күріш зауыты да заманауи технологиямен жабдықталды. Тәулігіне 150 тонна күріш салысын ақтап, 80 тонна дайын өнім береді. Осы жерде өңделген Сыр маржаны ішкі нарықтан бөлек, Өзбекстан мен Қырғызстанға экспортталуда.