ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚТАР ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ ТУҒАН КҮНІНЕ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЫЙМДАСТЫРДЫ
Қызылорда қаласының туған күніне тарту ретінде Жаңақорған ауданы 200 тоннадан астам ауылшаруашылығы өнімдері мен тауарларынан жәрменке ұйымдастырды. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Жәрмеңкеге келушілердің әдеттегідей қарасы көп. Барлығы да қыстық азық-түлік қорын жасап алмақ ниетпен келген. Жәрмеңкеде қажеттінің бәрін табуға болады. Өнімдер де сапалы. Сатушылар да келушілерге ізеттілік тануда. Мұннан мерекелік көңіл-күйді сезінуге болады. Базар бағасынан 15-20 пайыз нарқы арзан тауарлар қала халқының үлкен сұранысына айналды. Әсіресе, күрішке, қауын-қарбызға, картоп-пиязға, шөпке деген тұтынушы талғамы ерекше байқалды.
«Жәрмеңке болып жатыр дегенді естіп, осында жылдам жеттім. Пенсиянерлерге жақсы болды. Бағасы бізге лайық. Осындай жәрмеңкелердің дәстүрлі түрде өткізіліп тұрғанын құптаймыз. Негізі ет алуға келген едім. Алайда көкөністің де арзан екенін көріп, сарымсақ пен картоп сатып алдым. Әрине, бағасы базардағыдан әлдеқайда төмен»,- дейді қала тұрғыны Әсия апа.
Аудан әкімі Руслан Рүстемов бұл жәрменкені қалаға тарту екенін айтып, алдағы уақытта да осындай сапалы әрі арзан өнемдермен қалалықтарды қуантатын боламыз деді.