АТА ЗАҢ – ТӘУЕЛСІЗДІКПЕН ЕГІЗ ҰҒЫМ!
Азаттығымыздың айшықты айғағы болған Ата Заң – тәуелсіздіктің теңдессіз тартуы! Сіздерді еліміздің ең маңызды мерекесі - Конституция күнімен құттықтаймын!
Еліміздің ұлан-ғайыр тарихында Қасым ханның «Қасқа жолынан» бастау алған, Елбасы ұсынып, халық қолдаған бүгінгі Ата Заңымыз – тәуелсіздікпен егіз ұғым!
Отанымыздың соңғы 19 жылда жеткен жетістіктері – бұл Конституцияның және оның негізінде қабылданған заңнаманың нақты нәтижелері. Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған конституцияда бекітілген республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеп отыр.
Ата заңымызда қаралған нормалар, тірлігі мен татулығы жарасқан барлық ұлттардың Қазақстан Республикасы атты бір шаңырақ астында алаңсыз өмір сүруін қамтамасыз етіп отыр. Бұл күнде еліміздің экономикасы өрлеп, табысы тасып, халықаралық беделінің де арта түсуі негізгі заңымыздың сарқылмас мазмұнының дәлелі.
Мұндай жетістіктерге Конституцияның мызғымастығының бірден-бір кепілі – салиқалы саясат мен қажырлы еңбектің нәтижесінде қол жеткізіп отырмыз.
Ата Заң мерекесінде сіздерге қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, ырыс пен ынтымақ, еліміздің, мемлекетіміздің дамуы жолында қажымай, талмай еңбек етулеріңізге тілектестік білдіремін.
Құрметпен,
Қызылорда облыстық сотының төрағасы Н.ҚАЙЫРБЕКОВ