БҮГІН ЕЛІМІЗДІҢ СОЛТҮСТІГІНДЕ ҚАР ЖАУАДЫ
Республиканың басым аумағында кұн райы құбылмалы, кей жерлерде жауын жауады, оңтүстік-шығыста нөсер жауын жауып, жел күшейеді, тек еліміздің батысы мен оңтүстігінде күн ашық. Түнде және таңертең тұман түседі.
Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, түнде және таңертең жекелеген аудандарда тұман түседі. Алматы, Солтүстік Қазақстан, күндіз Павлодар өңірлерінде кей бөліктерде желдің жылдамдығы 15-22 м/с-қа дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында кей жерлерде найзағай жарқылдайды, 15-20 м/с жел соғады. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарында төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.
Сондай-ақ «Қазгидромет» РМК еліміздің бірнеше облысында дабылды ескерту жариялады:
21 қыркүйекте Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында жауын жауып, оның арты қарға ұласады, 22-23 қыркүйек күндері ауа температурасы түнде 0-5 градусқа дейін төмендейді.
22-23 қыркүйекте Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында жаңбырдың арты қарға ұласып, сынап бағанасы түнде 0-5 градус аязды көрсетеді.
Сонымен қатар дәл осы күндері Қостанай, Қарағанды өңірлерінде кей бөліктерде температура 0-5 градусқа дейін түседі.