ҚЫЗЫЛОРДАДА «ШҰБАТ-ҚЫМЫЗ» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
Бүгін Қызылордада қала күнін мерекелеу «Шұбат-қымыз» фестивалімен басталды. Ұлттық сусынды ұлықтаған шараға қала мен аудандардың барлығынан шаруалар келіп қатысты. Фестивальде аймақ басшысы Қ.Көшербаев қызылордалықтарды мерекелерімен құттықтады.
Бүгінде Сыр өңірінде қымыз-шұбатқа сұраныс артып келеді. «Сондықтан қымызхана желілерін кеңейтіп, қымыз өндіру технологиясын дамыту керек» - дейді мамандар. Расымен найзаның ұшымен, білектің күшімен жерін де, елін де қорғаған қазақ баласы үшін арғымақ аттың орны бөлек. Бүгінде жылқының сүті - ұлтымыз үшін қаржы табудың көзі ғана емес, емдік қасиеті мол өнім саналады. Яғни, ұлттық брендке айналып отыр.
Фестивальге 2 мың литр шұбат, 1500 литр қымыз және сүт өнімдерінен жасалған құрт, ірімшік әкелінген. Сондай-ақ, қазақы нақышта дайындалған қолөнер бұйымдары да көрме төрінен орын алды. Аймақ басшысы көрмені аралап шығып, ұлттық сусыннан дәм татты. Мерекелік шарада қала жастары «Қара жорға» биін билесе, ата-әжелер ұлттық дәстүрлерді көрсетті.
- Төрт түліктің төресі түйе мен Қамбар атаның сусындары түрлі дертке дауа екендігін ата-бабамыз әлдеқашан дәлелдеген. Сол сара жолды жалғап, бүгін қала күні мерекесін ақтан дәм татып бастап отырмыз. Мерейлі мереке құтты болсын, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Фестиваль ұлттық ойындармен жалғасты. Балуандар белдесі, асық ату, гір көтеру, қол күресте мықтылар анықталды.
Жалпы, қала күні мерекесі биыл кең көлемде аталап өтіледі. Қауын-қарбыз, кондитерлік өнімдер және балалар шығармашылығы фестивалі, жас ақындар мүшайрасы, ауыл шаруашылық жәрмеңкесі, спорттық сайыстар ұйымдастырылып, әлеуметтік нысандар пайдалануға беріледі. Қала күні эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін гала-концертпен қорытындыланады.