Н.ӘЛІБАЕВ «СК-ФАРМАЦИЯ» ЖШС БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Бүгін аймақ басшысы Қ.Көшербаев бұрынғы облыс әкіміның орынбасары Нұржан Әлібаевты қабылдап, жаңа қызметімен құттықтады.
– Н.Нұрмағамбетұлының қарамағында ең маңызды салалардың бірі – инфрақұрылым болды. Инфрақұрылымдық коммуникация дамымай аймақтың ілгерлеуі мүмкін емес. Нұржан Нұрмағамбетұлы жұмыс істеген кезде облысымызда су және газбен қамту, Қызылорда әуежайына халықаралық мәртебе берілуі, халықаралық «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының, «Бейнеу-Бозой» магистралының құрылысы сияқты бірқатар ауқымды жоба жүзеге асып, инвестициялар тартылды, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Нұржан Әлібаев өз кезегінде көрсетілген құрметке алғысын білдірді.
Аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін аймақ басшысы Н.Әлібаевқа Қызылорда облысының Құрмет громатосын табыстады.
Анықтама үшін:
Әлібаев Нұржан Нұрмағамбетұлы, 1967 жылғы 5 наурызда Қызылорда облысының Арал қаласында дүниеге келген.
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «металл кесетін станоктар мен аспаптар», «Әулие-Ата» Халықаралық бизнес университетін «қаржы және несие» және М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «юриспруденция» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1984 жылы Арал қаласындағы Кеме жөндеу зауытында І санатты слесарь-жинаушы болып бастаған.
1985-1987 жылдары Кеңес армиясында қызмет,
1987-1988 жылдары Арал қаласындағы Кеме жөндеу зауытында ІІ санатты слесарь-жинаушы,
1988-1992 жылдары Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің студенті,
1992-1995 жылдары «КазТЕЛМА» ЖШС-нің менеджері,
1995-2001 жылдары «Анико» ЖШС-нің директоры,
2001-2002 жылдары Тараз қаласы әкімінің орынбасары,
2002-2003 жылдары «Тараз-2000» Корпоративтік қорының директоры,
2003-2005 жылдары Тараз қаласы әкімінің бірінші орынбасары,
2005-2006 жылдары «Мал өнімдері корпорациясы» АҚ-ның басқарушы директоры,
2006-2007 жылдары Маңғыстау обласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті директорының орынбасары,
2007-2009 жылдары «Маңғыстау облысы әкімдігінің істер басқармасы» МКҚК-ның директоры,
2009-2013 жылдары «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның басқарушы директоры.