ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР ТАУАРЛАРҒА ТАПШЫЛЫҚ ЖОҚ
Бүгін «Сыр медиа» жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен брифинг барысында іс-қимыл жоспары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайында облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов баяндап берді.
Теңгенің еркін алмасу бағамына көшуіне байланысты облыста қоғамдық-саяси ахуалды тұрақтандыру мақсатындағы іс-қимыл жоспары бекітіліп, азық-түлік өнімдерін ұстап тұру бойынша жедел штаб құрылды. Азық-түліктің және тұрмысқа қажетті тауарлар бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында құрылған штаб құрамында ауыл шаруашылығы, экономика, кәсіпкерлік, энергетика, ішкі саясат басқармаларының басшылары және ұлттық банк, статистика, монополияны реттеу салаларының сондай-ақ, құқық қорғау органдарының өкілдері бар.
Азық-түліктің әлеуметтік маңызды деген 33 түріне шектеулі баға белгіленген. Бұдан бөлек жанар-жағармай, дәрі-дәрмектерге және құрылыс материалдарына мониторингпен бірге, баға көтерілмеуіне бағытталған жұмыстар жүргізілуде.
«Бүгінде облыста тауықтың сан еті, жұмыртқа, қант және өсімдік майы секілді 4 өнімнің бағасы қымбаттағаны байқалады. Бірақ ол валюта бағамына емес, маусымдық кезеңге байланысты. Қымбаттауға қаупі бар өнімдердің бағасын тұрақтандыру мақсатында облыс бюджетінен 100 млн. теңге қаражат бөлініп, оған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоры толықтырылды. Базарлар мен сауда үйлерімен шектеу бағадан асырмай сату жөнінде 11 кәсіпорынмен меморандумдар жасалып, жағдай бақылауға алынды. Қазіргі таңда аймақта азық-түлік пен басқа да әлеуметтік маңызы бар тауарлардан тапшылық жоқ», - деді С. Қожаниязов өз сөзінде.
Естеріңізге сала кетелік, егер сіз қандай да бір азық-түлік өнімінің негізсіз көтерілгеніне куә болсаңыз, қалалық штабтың 60 54 43 сенім телефоны нөміріне хабарласуыңызға болады.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА