ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ КЕСТЕГЕ САЙ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР
Қысқы жылу беру маусымына дайындық кестеге сай жүргізіліп жатыр. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында ҚР Энергетика министрлігінің атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің төрағасы Сұңғат Есімханов айтты, деп хабарлайды BNews.kz.
«Қысқа дайындық 2014-2015 жылғы жылу беру маусымы аяқталған соң бірден басталып кетті. Тиісті жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нақтырақ айтқанда, тамыз-қыркүйек айларында Президент Әкімшілігі, Үкіметтің кеңсесіндегі инспекторлармен бірлесе отырып, топтар құрып, барлық облыстарды араладық. Жөндеу жұмыстарын қадағалап, мәселелерді шешу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз», - дейді С.Есімханов.
Оның айтуынша, бүгінде елімізде жылу беру маусымына дайындық кестеге сай жүргізіліп жатыр.
«Бүгінгі күні шығарылған электр энергетикасының өнімі 63 миллиардтан асты. Жүйелі оператор «KEGOC» акционерлік қоғамының жөндеу жұмыстары бойынша бекітілген кестесі бар. Кестеге сәйкес биыл 9 энергетикалық блок, 59 қазандық және 47 турбинаға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу керек еді. Бүгінде бұл жұмыстардың 70 пайызы аяқталды, қалған шаруа кесте бойынша жасалып жатыр», - дейді Комитет төрағасы.
Отынмен қамтамасыз ету мәселесін сөз еткен С.Есімханов бүгінгі күні ірі энергия станцияларында 3,5 млн тоннадай көмір дайындалғанын жеткізді. 110 мың тоннадан астам мазут отын қоймаларына жеткізілген.
«Бұл жылу беру маусымын ірі қалалар, облыс орталықтарының барлығында бастауға толық жетеді деп айтуға болады. Әрине, қазір бәрінің 100 пайыз дайын болуы мүмкін емес. Кіші қалалардың проблемалары бар. Бұл мәселелер шешіліп жатыр», - деп толықтырды С.Есімханов.