МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Комиссия отырысында Мемлекеттік рәміздерді, соның ішінде елді мекендердің, қалалардың, аудандардың, Астана мен Алматы қалаларының, облыстардың рәміздерін қолдану мен насихаттау жүйесін жаңғырту жөніндегі 2015-2020 жылдарға арналған жоспарды әзірлеу барысы туралы ақпарат тыңдалды. Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия бұл құжатты Мемлекет басшысы ұсынған «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын орындау аясында әзірлеген.
Г.Әбдіқалықова Жоспардың басты мақсаты қазақстандық бірегейлікті және бірлікті нығайтуға бағытталған мемлекеттік рәміздерді қолдану мен насихаттау жүйесін жаңғырту екенін айтты.
Қазақстан жолының топтастырушы құндылықтары «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын іске асырудың негізі болып саналады. Олар: Қазақстанның тәуелсіздігі және Астана; ұлттық бірлік, бейбітшілік және келісім; зайырлы қоғам және жоғары руханият; индустрияландыру және инновация негізіндегі экономикалық өсу; тарихтың, мәдениеттің, тілдің ортақтығы; ұлттық қауіпсіздік пен жалпы дүниежүзілік және өңірлік проблемаларды шешу ісіне еліміздің жаһандық тұрғыдан қатысуы.
Бұл ретте азаматтық қағидатқа құрылған қазақстандық бірегейлік пен бірліктің маңызды бағыттарының бірі мемлекеттік рәміздерді қолдану мәселесі болмақ.
Жоспарды әзірлеу барысында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінің тәжірибелері зерделенді.
Уәкілетті мемлекеттік органдардың басшыларына жаңғырту жөніндегі іс-шаралар өткізу және мемлекеттік рәміздер саласында нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, сондай-ақ ақпараттық насихаттау мәселелеріне назар аудару тапсырылды.
Жиын қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.