НАЗАРБАЕВ КИІМДІ ШЕТЕЛДЕН ІЗДЕЙТІН ШЕНЕУНІКТЕРГЕ ТЕГІН ЖАРНАМА ЖАСАДЫ
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының әкімдерімен болған жиында өзі Қазақстанда тігілген киім мен аяқ киімді киетінін айтып, қазақстандық өнімдерді қолдауға шақырды.
«Барлық өңірлерде шағын және орта бизнесті дамыту керек. Бізде бұрын болмаған өндіріс орындарын ашу арқылы осы салада тиімді жұмыстар атқарып жатырмыз. Алайда, біз де отандық өндірісті қолдауымыз керек. Мысалы, мен Қазақстанда тігілген костюм кием, аяқ киімім де өз елімізде тігілген. Өзіміздің жеңіл өнеркәсібімізге осылай жарнама жасаймын», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сондай-ақ, президент бүгінгі таңда елімізде сапалы отандық тауарларды өндіру көлемін арттыру бойынша жұмыстар атқарылып жатқанын айтты.
Сондай-ақ, президент бүгінгі таңда елімізде сапалы отандық тауарларды өндіру көлемін арттыру бойынша жұмыстар атқарылып жатқанын айтты.