ЕGOV ҰСЫНҒАН 50 ҚЫЗМЕТ ТҮРІ ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛАДЫ
Электронды үкімет ұсынған 700-ден астам қызмет түрінің 50-і енді ұялы телефон арқылы қолжетімді болмақ. Пилоттық жоба әзірше Астана және Алматы қалаларында жүзеге асады, деп хабарлайды khabar.kz.
Ол үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына келіп, электрондық сандық қолтаңбаңызды телефонның SIM-картасына енгізу қажет.
Айта кетейік, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында 2014 жылы 2 миллион 138 мың электрондық сандық қолтаңба берілсе, тек ағымдағы жылдың сегіз айы ішінде екі жарым миллионнан астам электрондық сандық қолтаңба жүктелген.
Алдағы уақытта ұялы телефонның SIM картасы арқылы жүзеге асатын Еgov-электронды үкіметі ұсынған қызмет түрілерін арттыру көзделіп отыр.
«Халыққа қызмет көрсету орталықтарында электрондық-сандық қолтаңба жеке куәліктерге қалай жазылса, дәл солай ұялы телефондардың SIM-карталарына енгізілетін болады. Бірінші болып ALTEL байланыс операторы қызығушылық танытты, алдағы уақытта басқа да ұялы операторлар қатарға қосылады деген ойдамын. Ол үшін кез келген телефон түрі жарайды», - дейді «ХҚКО» РМК бас директорының орынбасары Бақтияр Қожахметов.