МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫНДА ӨҢІРДІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Бүгін Қызылордада облыстық мәслихаттың кезекті 39 сессиясы өтті. Онда өңірді дамытудың өзекті мәселелері, оның ішінде болашақта жүзеге асырылатын жобалар және еңбек заңнамасын сақтау мәселелері талқыланды.
Сессия жұмысын ашқан облыс әкімі Қ.Көшербаев аймақтағы экономикалық жағдайды баяндады.
– Қазіргі дағдарыс кезеңіне қарамастан негізігі жобаларды жүзеге асыруымыз керек. Бүгінде Азия даму банкімен сол жағалауға құрылыс салуды қаржыландыру бойынша бірлесіп жұмыс жасаудамыз. Сондай-ақ, халықаралық қаржы ұйымдарымен 5 ауқымды жобаны қаржыландыру мәселесі талқылану үстінде. Осы айда егін жинау науқаны аяқталады. Рекордтық көрсеткіште өнім жиналады деп күтілуде. Қазан айының басында Қызылордада «Алтын күз» жәрмеңкесі өтеді, - деді аймақ басшысы Қ.Көшербаев.
Өңірімізде еңбек заңнамасын сақтаудың кейбір мәселелері бойынша облыс әкімінің орынбасары Наталья Годунова баяндама жасады. Аймақта зейнетақы төлемдерін толық және уақытылы төлеу мақсатында жұмысшыларды заңдастыру бойынша жұмыс жүріп жатыр. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту, жұмысшыларға жалақыны толық және уақытылы төлеу мақсатында бірқатар шара қабылданды.
- Облысымызда жаппай жұмыс орындарын қысқарту болдырмау үшін қажетті шара қолданамыз. Кәсіпорын жұмысшыларын толық емес жұмыс күнге ауыстырып немесе жалақысының 50 пайызын сақтай отыра мәжбүрлі еңбек демалысына жіберу мүмкін, бірақ қысқартуға жол берілмейді. Қызылорда облысының осы тәжірибесі денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ұсынысы бойынша басқа аймақтарға да таратылады. Сонымен қатар ағымдағы жылы облыста 8 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды. Оның 6500 тұрақты жұмыс орындары, - деді Н.Годунова.
Сессияда күнтәрбі мәселелері бойынша бірқатар шешім қабылданды.