ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ПСИХОНЕВРОЛОГИЯ АУРУХАНАСЫНДА НЫСАНДЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗІЛДІ
Қызылорда облысы әкімдігімен бекітілген «2015 жылы Қызылорда облысында азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бойынша өткізілетін оқу-жаттығулардың жоспары» негізінде, Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы мен Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен Қызылорда облыстық психоневрология ауруханасында «Шартты өрт кезіндегі әрекет» тақырыбында кезекті нысандық оқу-жаттығу өткізілді.
Жаттығу барысында аурухана қызметкерлері тарапынан құрылған жасақ мүшелері құтқару шараларын жүргізіп, күйік алып, зардап шеккендерге дәрігерлік көмек көрсетіп, шартты өртті жою шарасын ұйымдастырып, нәтижесінде іс жүзіндегі әрекеттері машықтанды.
Басқарма қызметкерлері өз кезегінде өртті жою мен адамдарды құтқару шараларын жүргізуі мен төтенше оқиға кезіндегі атқаратын міндеттерін зерделеп, тәжірбиелік көмек көрсетілді. Сонымен қатар, мекеме қызметкерлеріне жұмыс орындары мен тұрмыста қауіпсіздік талаптарын сақтау және де орын алған төтенше оқиғалар ахуалы, пайда болу себептері, оны болдырмау әрекеттері түсіндіріліп, үгіт насихат шарасы жүргізілді.
Жаттығу нәтижесімен Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарасты емдеу орындарының өкілдері мен «Қызылорда облыстық психоневрология ауруханасы» мемлекеттік мекемесі басшылығы өз тараптарынан ризалығын білдіріп, енгізілген ұсыныстарды жетілдіруге қолдау жасады. Бұл бағыттағы шаралар өз жалғасын табуда.
Қызылорда қаласы төтенше жағдайлар басқармасы