ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТТІҢ ТӨЛЕМ ШЛЮЗІ АРҚЫЛЫ 10 МИЛЛИАРДТАН АСТАМ ТЕҢГЕ ТӨЛЕДІ
Қазақстанның электрондық үкімет төлем шлюзі арқылы жүйенің іске қосылған сәтінен бастап өткен төлем сомасы 10 миллиард теңгеден асты, деп жазады mir.gov.kz.
Басты үлес жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айыппұлға тиесілі – 6,8 миллиард теңгеден астам. Екінші орында – мемлекеттік баж салығын төлеу – 1,7 миллиард теңге. Салық төлемдерінің сомасы 1 миллиард теңгеден асты.
Бұл ретте, eGov арқылы 6 миллиартдан астам теңге ағымдағы жылдың 8 айы ішінде ғана төленді. Бұдан басқа, қазақстандықтар төлемнің электрондық жүйесін жаз ішінде белсенді пайдаланды: е-үкіметтің төлем шлюзі арқылы соңғы 3 айда 3 миллиард теңгеден астам сомаға төлем төленді. Салыстыратын болсақ, осындай сома eGov арқылы барлық 2014 жыл бойынша бөленді.
Жалпы электрондық үкімет порталында 46 төлем түрі қолжетімді, оның ішінде коммуналдық қызметтер, байланыс қызметтері үшін төлемдер, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне салым салу және басқалары.
Айта кетейік, «Электрондық үкіметтің төлем шлюзі» ақпараттық жүйесі 2010 жылдан бастап Қазақстанда жұмыс істейді. Мақсаты – халықты «электрондық үкімет» шеңберінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер үшін төлемдердің электронды түрімен қамтамасыз ету үшін банктер және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялану мен автоматтандырылу.