АҢШЫЛЫҚ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ
Қыркүйектің алғашқы сенбісінде ел аумағында аңшылық маусымы басталды. Әуесқойлар марал, аю, тауешкі, сібір еліктері, қабан сияқты 34 сүтқоректі мен құстың 59 түрін аулай алады.
Ол үшін, әлбетте, елдегі 700 аңшылық шаруашылығының бірінен арнайы рұқсат алу қажет. Ал биыл Сарыарқа төсінде есепсіз қырылған киіктің нақты ауырған себебін ауылшаруашылығы мамандары әлі айта алмай отыр. Қазір бетпақ даладағы 200 мыңға тарта ақбөкеннің бүгінде шамамен тең жартысы ғана қалған.
- Айдың аяғына дейін Ұлыбритания, Германиядан зерттеулер нәтижесі келеді. Сол кезде Білім және ғылым министрлігінің қарауындағы ғылыми-зерттеу мекемелерден нақты жауап аламыз деген ойдамыз, - дейді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Ернар Нысанбаев.
Сондай-ақ өткен жылмен салыстырғанда, биыл дала өрті оқиғалары көп тіркелген. Тілсіз жау 429 мәрте тұтанып, ел аумағында 7 мың гектар жерді күлге айналдырған. «Дала өртіне шабындық шөптің қалыңдығы себеп болды», - дейді мамандар.