МҰНАЙ ЗАУЫТЫ ЕУРО СТАНДАРТТАРЫМЕН ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙ ШЫҒАРМАҚ
Қызылорда аз тонналы мұнай зауыты Еуро-4, Еуро-5 стандартына сай келетін жанар-жағармай шығаруды көздеп отыр. Сонымен бірге Кедендік одақ талабына толық сәйкес бола алатын қозғалтқыш отынын өндіруді де қолға алмақ. 2000 жылы құрылған Қызылорда аз тонналық мұнай зауыты –көмірсутек шикізатын өңдеумен айналысатын өңірдегі жалғыз кәсіпорын. Жылына 100 мың тоннадай қара алтын өңдеуге қауқары жетеді.
- Негізгі жұмыстың мақсаты – Құмкөлде шығып жатқан мұнайды өңдеп, елге, халыққа керекті тауарлар шығару. Негізінен мазут М-100 маркалы, дизель отыны, содан кейін АИ-80 маркалы бензин, - дейді зауыттың атқарушы директоры Жанкелді Ысқақов.
Өндіріс ошағы шикізат пен дайын өнімдердің сапасын қадағалайтын зертханамен жабдықталған. Батыс Еуропа мен Балтық жағалауы елдеріне мазут экспорттайтын болғандықтан, мұндағы мамандар сұйық отынның құрамын 3 сағат сайын сараптап отырады.
- Шикізат келгеннен бастап тауарлық паркке өңдеу процесін бастаймыз. 1-ден біз анализ аламыз. Егер 1-дәрежелі мұнай болып, барлық сұранысқа сәйкес келетін болса ғана біз оны сорғы арқылы зауытқа жібереміз, – дейді зауыттың аға технологы Әсет Шобданов.
Алдағы басты мақсат – зауыт қуаттылығын жылына 400 мың тоннаға арттыру. Аталған межеге жету мақсатында құны 6 миллиард теңгеден асатын жаңа өндіріс ошағының жобасы кесіп-пішілуде. Ол үшін 10 гектар жер бөлініп қойылды.
- Жоба аймақтық индустрияландыру картасына енгізілген. Қазіргі таңда қаржы ұйымдарымен келіссөздер жүргізілуде. Құрылысы 12 айға созылатын зауыт іске қосылғанда жоғары октанды бензин және қыстық дизель отынын шығара аламыз, - дейді зауыттың техникалық директоры Талғат Арыстанов.
Кәсіпорында өндірілген мазуттың орта есеппен 30%-ы шетелге сатылады. Мәселен, 2013 жылы 24 мың тонна, 2014 жылы 16 мың тонна, ал ағымдағы жылдың 6 айының өзінде 2600 тонна мазут Еуропа елдеріне жөнелтілді.