ЕЛІМІЗДІҢ БІРҚАТАР ӨҢІРІНДЕ ҮСІК ЖҮРЕДІ
Қазақстанның басым аумағында күн ашық болады, тек республиканың батысында атмосфералық ағымдардың өтуінен кей жерлерде жауын жауып, жел күшейеді, тұман түседі, деп хабарлайды BNews.kz.
Ақмола, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде. Жамбыл, Қызылорда, таңертең және күндіз Оңтүстік Қазақстан облыстарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел күшейеді. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде үсік жүреді. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай өңірлерінің кей бөліктерінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Бұған қоса 16 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында түнде сынап бағанасы 0-5 градус жылыны көрсетеді, кей жерлерде 3 градус аяз болады, күндіз ауа температурасы 10-15, кей бөліктерде 7 градус жылы болады. Ақмола өңірінде 1-3 градус үсік жүреді.