«ҰЛТ ЖОСПАРЫ – 100 НАҚТЫ ҚАДАМ»
Бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында Қызылорда облысының ішкі істер департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Шохатаев Махмудин Мұхтарұлының қатысуымен «Ұлт Жоспары – 100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» атты институционалдық бес реформасының әр бағыты бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған брифинг өтті.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында ел алдында тұрған межелерді айқындап, нақты міндеттер жүктеді, дамуға, ілгерілеуге жол ашатын нақты 100 қадамды белгілеп берді. Қазіргі заманғы мемлекет құрудың 5 институцоналды бағыттарын айқындаған бұл бағдарлама ел өміріндегі ерекше саяси оқиға болды. Ұлт Жоспарының кіріспесінде: «100 нақты қадам – бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бірге бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда Ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары» екені атап көрсетілген. Көріп отырғанымыздай, аталған бағдарлама еліміздің бірлігін нығайтуға, жолдан адаспай, қиын-қыстау, экономикалық күйзеліс кезеңдерінде абдырап қалмай, қайта мемлекеттігімізді нығайтып, іскерлігімізді арттырып, елдігімізді еселеуге бастап отыр. Идеологиядан заң жүйесіне дейінгі қоғамдағы барлық саланы қамтыған Ұлт жоспарында әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, әрбірінің бүгінгі деңгейіне баға беріп, әрі қарай қай бағытта даму керектігін айқындады. Құқық қорғау саласы, оның ішінде ішкі істер органдары да Елбасының назарынан тыс қалмады. Полицияның қоғамның сенімін арттыратындай жұмыс жасауы үшін қазіргі таңда өзекті болып тұрған мәселелерді көтеріп, нақты міндеттер белгіледі.
Мәселен, 28-қадамда – Полиция қызметкерлерін ІСКЕРЛІК ҚАБІЛЕТТЕРІ НЕГІЗІНДЕ ІРІКТЕУ ЖҮЙЕСІН ЖАҚСАРТУ мәселесі көтерілді. Кәсіби дағдыларын және жеке тұлғалық қасиеттерін тексеру үшін іс басындағы полиция қызметкерлерін және қызметкерлікке кандидаттарды тестілеудіӊ арнайы жүйесін енгізу тапсырмасы берілді. Аталған тапсырманы орындау мақсатында, Ішкі істер министрлігінде кадр саясатын жетілдіру, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды күшейту, полиция қызметіндегі заңдылық пен тәртіпті нығайту, жеке құрамның біліктілігін арттыру жөніндегі кешенді шаралар қабылдануда.
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына қызметке орналасу кезінде конкурс және тағылымдама өткізу қағидасын бекіту туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің 24.10.2013 жылғы №522 бұйрығына сәйкес, ішкі істер органдарына қызметке орналасу кезінде үміткерлер үшін тағылымдама ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
Ішкі істер органдарында қызмет етуге үміткерлерді алдын ала іріктеуді ұйымдастыру жұмысы олардың қызметінің тиімділігінің негізгі шарттарының бірі болып табылады және үміткерлерді іріктеу және зерделеу, ішкі істер органдарына қабылдау жүйесі бірнеше сатылардан тұрады:
1-сатысында республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына бос орындарға конкурс өткізілетіні жайлы хабарландырулар жарияланады. Тиісінше, департамент жанынан үміткерлерді іріктеуге мүмкіндік беретін білікті әрі кәсіби тәжирибесі мол мамандардан жинақталған конкурстық комиссия құрылады. Азаматтардан құжаттар қабылданып, олардың лауазымдарға белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiлігi алдын ала қаралады. Құжаттары конкурс ережесінің талаптарына сай болған жағдайда, үміткерлерді медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден өткізу шарасы ұйымдастырылады. ҚР Заңдық жүйесін білетіндігін анықтау мақсатында үміткерлер ереже талаптарына сәйкес тестілеуден өтіп, дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтер тапсырады. Сонымен қатар, аталған іріктеу жүйесінің соңғы сатысы – конкурс өткізуші комиссияның үміткерлермен әңгімелесуі болып табылады. Әңгімелесудің басты мақсаты – үміткердің жеке басын сипаттайтын әлеуметтік қасиеттерін мүмкіндігінше толық анықта у және оның ойлау қабілетін, нақты жағдайды қабылдауы және нақты әрекеттері болып табылады. Әңгімелесу барысында үміткердің ішкі істер органдарына қызметке түсу себептері анықталады. Алдағы қызметтің қауіпті сипатына, ішкі істер органдарындағы қызметтің жағдайына, жалпы және нақты құрылымдық бөлімшенің қызметіне үміткердің және оның туыстарының назары аударылады. Оларға ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін заңмен бекітілген жеңілдіктер, кепілдіктер, үстемақылар туралы ақпараттар беріледі.
Ерекше атап өтерлік жайт, ішкі істер органдарына қызметкерлерді іріктеуде полиграфологиялық зерделеуден өткізу технологиясы қолданысқа енгізілді. Адамның жеткiзiп отырған ақпаратының растығын тексерудiң немесе жасырып отырған фактiлердi анықтаудың жалғыз құралы болып табылады. Полиграфпен жүргiзілген сауалнама үмiткердiң заңға қайшы iстерге қатыстылығын, қылмысқа байланысы бар-жоғын, сыбайлас жемқорлыққа бейiмділігін және т.б. анықтайды.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 2015 жылдың 11 наурызында өткен «Нұр Отан» партиясының ХVІ съезінде «Полицияға кәсіби және психологиялық іріктеудің жаңа жүйесін енгізіп, полицейлердің өздерінің біліктіліктерін тұрақты түрде арттырып және растап отыруын қамтамасыз ету маңызды» деген болатын. Осы мақсатта «Құқық қорғау қызметі туралы» ҚР заңына өзгерістер енгізіліп, Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында полиграфологиялық зерттеуден өту қағидалары бекітілген. Ішкі істер органдары қызметкерлерін сапалы іріктеу, қызметке қабылданатын үміткерлерге, сондай-ақ аттестаттаудан өту және тергеулер кезеңінде полиграфологиялық зерттеулер жүйесі қолданысқа енгізілді. Қазіргі таңда, бұл жүйе полиция қызметкерлерін кезекті аттестаттаудан өткізу кезеңінде де жүйелі қолданылып жатыр.
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің «Ішкі істер органдарындағы тәлімгерлік бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, қызметке жаңа қабылданған қызметкерге тәлімгер тағайындалады. Тәлімгер ретінде даярлығы жағынан жақсы сыныптық біліктілігі бар және лауазымда кемінде 3 жыл қызмет атқарған, жоғары кәсіби біліктілікке ие, қызметте тұрақты көрсеткіштері бар, өмірлік тәжірибесі бай, тәрбие жұмысына бейім және ұжымда беделді қызметкерлер тағайындала алады. Тәлімгер жас қызметкерді тәрбиелеп, қызметтің қыр-сырын үйретіп, бағыт-бағдар беріп отырады. Бұл жұмыстардың – жеке құрам арасындағы тәртіп пен заңдылықтың сақталуына маңызы зор.
«Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасында айтылған келесі мәселе – жергілікті атқарушы органдарға және жергілікті қоғамдастыққа есеп беретін ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІН құру тапсырмасы болатын. Осыған байланысты ІІМ жергілікті полиция қызметінің мәртебесін заңнамалық тұрғыдан бекітуді қарастыратын «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті полиция қызметінің жұмысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы әзірленді. Қазіргі уақытта Заң жобасының негізгі ережелері Үкіметпен келісілді және Президент Әкімшілігінің қолдауына ие болды. Бүгінгі күні ол Парламенттің қарауына енгізілді. Жергілікті полиция қызметі қоғамдық тәртіпті күзету, жол қауіпсіздігін және тұрмыстық қылмысқа қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі міндеттерді іске асыратын болады. Жергілікті полицияның құрамына учаскелік инспекторлар, жол-патрульдік, ювеналдық, табиғатты қорғау полициясы, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімдері, қабылдап-тарату және арнайы қабылдау бөліністері кіреді. А талған қызмет саласының қызметкерлері тікелей жергілікті әкімдікке бағынғанымен, бұл жаңа қызмет саласы ішкі істер органдарының құрылымында қалады. Оның басшысын ІІМ-нің ұсынысы бойынша мәслихат депутаттарының келісімі бойынша облыс және қала әкімдері тағайындайтын болады. Тиісінше, жергілікті полиция қызметінің басшылары қызметінің ашықтығын және жариялылығын көрсету мақсатында жылына 2 рет әкімнің және мәслихат депутаттарының алдында есеп берсе, жылына бір рет халықтың алдында атқарған жұмыстары жайлы есеп беретін болады. Яғни, халық полиция қызметіне деген өзінің бағасын беріп, кем-кетіктерін айтып, ұсыныс-пікірлерін білдіруге мүмкіндік туады. Бұл Елбасымыздың айтып жүрген «Полиция – халыққа жақын болу қажет» деген тапсырмасын жүзеге асыруға тірек болмақ.
Жоғарыда айтып өттім, аталған заң жобасы парламенттің қос палатасы қарауына ұсынылды, егер де мақұлданса ол өз қызметін 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастайды деген жоспар бар.
Енді осы полиция қызметкерлерінің заң бұзушылығы, заңнама талаптарын бұзу әрекеттері, сонымен қатар, тәртіп сақшыларының заңсыз әрекеттеріне шағымданған азаматтардың арыз-шағымдары да қоғам алдында қаралатын болады. Бұл да орынды жоба деп білемін. Себебі, полицейлердің үстінен шағымданушылар, қызметтеріне көңілі толмаушылар жетерлік. Біз полиция қызметкерінің үстінен шағымданған әр азаматтың шағымын назардан тыс қалдырмай, тиісті қызметтік тексерістер жүргізіп, департамент жанынан құрылған Қоғамдық кеңес, Әйелдер кеңесі және Тәртіптік кеңес отырыстарында қызметкерлердің тәртібін қарау мәселесін қолға алып келе жатырмыз. Алайда, халық ғимараттың ішінде болып жатырған жұмыстардан бейхабар ғой. Ішкі істер органдарында қандай да бір құқық бұзушылыққа немесе заң бұзушылыққа жол берген полиция қызметкерлеріне қатысты тиісті шаралар қабылданатынын, қызметтік жазаға тартылатынын, ескерту немесе түсіндірме жұмыстары жүргізілетінін біле бермейді. Сондықтан, «Бұлар бірін-бірі қорғаштайды, заңбұзушылыққа орын берген т әртіп сақшысы жазадан оңай құтылып кете салады, бұлардың бұрыс іс-әрекеттеріне сот жоқ» деген сынды сын-пікірлер көптеп айтылып жататынын мойындау керек. Осының негізінде, аталған жүйенің полицияның қоғамдық тәртіпті сақтаудағы ашық, әрі тиімді болуына, қоғамдық құқық қорғау органдарына сенімнің ұлғаюына жағдай жасайды деген ойдамыз.
Жалпы айтар болсақ, департамент жанынан Қоғамдық кеңес жұмыс жасайды. Халықпен және үкіметтік емес ұйымдармен байланысты кеңейту, оларды ішкі істер органдары қызметі туралы шынайы және уақытылы ақпараттандыру, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2012 жылғы 21 қарашасындағы Бұйрығының талаптарын іске асыру мақсатында, Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті бастығының бұйрығымен, Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің жанындағы Қоғамдық кеңесті құру туралы бұйрығы 08 желтоқсан 2013 жылы бекітілген. Кеңестің алғашқы отырысы 2013 жылдың 12 желтоқсаны күні департаменттің конференц-залында өтіп, Қоғамдық кеңестің төрағасы болып облыстық мәслихаттың депутаты Нұрмұрат Ерманов кеңес мүшелерінің ұйғарымымен сайланды. Қоғамдық кеңестің басты мақсаты – облысымызда қоғамдық тәртіпті сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу, ішкі істер органдарының үкіметтік емес ұйымдарымен және халықпен өзара қарым – қатынасын одан әрі жетілдіру, полиция қызметінің жариялылығы мен ашықтығы принципін өмірге енгізуді, құқық қорғау қызметі саласында қоғамдық қатынастарды демократизациялау болып табылады. Қоғамдық кеңес отырыстары жарты жылда 2 рет өткізілуде. Аталған Қоғамдық кеңес мүшелерінің қатарына үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері, басқарма басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары, сондай-ақ жастар ұйымдарының белсенділері енген. Қоғамдық кеңес мүшелері облыстағы қоғамдық тәртіптің сақталуын, полиция қызметін халыққа жақындату, ішкі істер органдары жұмысының жариялылығын қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтауда облыс мекемелері және ұйымдарымен бірлесе жұмыс жасау сынды міндеттерді жүзеге асыруға ұйытқы болып отырады.
Сондай-ақ, реформада «Қылмыстық құқық бұзу картасы» ұлттық ақпараттық жүйесі негізінде интернет-портал құру мәселесі де айтылған. Бұл картада елімізде бір апта көлемінде жасалған барлық қылмыстық құқық бұзушылықтар тіркелмек. Бұл жүйе тұрғындардың біздің жұмысымызды бақылауларына, полиция қызметінің жариялылығын, ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың ұсынған 100 нақты қадамы – дамуға, ілгерілеуге, құқықтық тұрғыдан жаңғыруға әкелетін сәтті ойластырылған бағдарлама екенін ерекше атап өткім келеді. Сондықтан аталған бағдарламаны басшылыққа ала отырып қана біз әр қадамымызды нық, сенімді, жемісті жасарымызға сенімдімін» - деді М.Шохатаев жиын соңында.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі