НЕГІЗГІ КАПИТАЛҒА САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯЛАР КӨЛЕМІ КЕМІДІ
2015 жылдың II тоқсанында жұмыссыздар саны, бағалау бойынша 15,6 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санына 5,0% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2015 жылдың тамыз айының соңына 5,4 мың адамды құрады немесе экономикалық белсенді халық санына 1,7%, деп жазады kyzylorda-stat.kz.
2015 жылдың II тоқсанына қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 106866 теңгені құрады. 2014 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда өсім 1,2% болды. Осы кезеңде нақты жалақы 3 пайызға азайды.
Тұтыну бағаларының индексі 2015 жылғы тамызда 2014 жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда 101,5% құрады. Азық-түлік тауарларына бағалар 0,7%, азық-түлік емес тауарларына 1,8%-ға, ақылы қызметтер көрсетуге – 2,0%-ға өсті.
Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2015 жылғы тамызда 2014 жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда 24,6%-ға төмендеді.
2015 жылғы қаңтар-тамызында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 125496 млн. теңгені құрады, бұл 2014 жылғы қаңтар-тамызымен салыстырғанда 24,7%-ға кем.
2015 жылдың 1 қыркүйектегі тіркелген заңды тұлғалар саны 8799 бірлікті құрады, оның ішінде 8432 бірлік 50 адамнан аз қызметкерлері бар. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 6761 құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар – 6394 бірлік.
2015 жылғы қаңтар-тамызда бөлшек сауда көлемі (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 117033,2 млн. теңгені құрап, 2014 жылдың қаңтар-тамызымен салыстырғанда 6,6% артты.
2015 жылғы қаңтар-тамызда өнеркәсіп өндірісінің көлемі ағымдағы бағаларда 400647,1млн. теңгені құрап, нақты көлем индексі 2014 жылғы қаңтар-тамыздағы деңгейден 7,4% кеміді. Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 8,8 % кемісе, өңдеу өнеркәсібіндегі өсім 6,9%, электрмен жабдықтау, газ, бу және ауа баптауда –1,4% құрады.
Ағымдағы жылдың қаңтар-тамызында ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 21418,6 млн. теңгені құрап, 2014 жылмен салыстырғанда 2,4% артты.
2015 жылдың қаңтар-тамызында жүк айналымының көлемі 8130,3 млн. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын көліктік емес ұйымдар мен кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрады, бұл 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,2 пайызға кеміді.