ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінде құрылымдық бөлімшелер және басқармалардың бөлім басшыларының қатысуымен департамент бастығы жанындағы кеңестің кезектен тыс отырысы өтті.
Бірінші мәселе бойынша «Қызылорда облысы ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы, өртке қарсы қызмет подполковнигі М.Қобландиев тыңдалды. Ол өз баяндамасында Алқа қаулысын орындау барысындағы Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар комиссиясының атқарып отырған жұмысы жөнінде есеп берді.
Екінші мәселе бойынша департаменттің құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы С.Әбсадықов баяндама жасап, Азаматтық қорғау туралы заң баптарын, әкімдіктің төтенше жағдайды жариялау тәртібін түсіндірді.
Отырыс барысында кеңес төрағасы аталған бағыттарда жұмысты күшейту бойынша тиісті тапсырмалар берді. Барлық қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Айгүл НҰРМАНОВА,
Қызылорда облыстық ТЖД
баспасөз қызметі