«ҚЫЛМЫС ПЕН ЖАЗА» БАҒДАРЛАМАСЫ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «НТК-Қазақстан» ұлттық телеарнасының «Қылмыс пен жаза» бағдарламасы өз түсірілімдерін бастады.
Аталған бағдарламаның продюсері Нартай Өтегенов бастаған шығармашылық топ Қызылорда облысында төрт деректі фильм түсіруді жоспарлап отыр. Фильмдердің негізіне адам өлтіру, аса көп мөлшерде есірткі заттарды егу және сату, қарақшылық жасау сияқты жеті аса ауыр қылмыстар алынған. Аталған қылмыстық істердің барлығы Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралған. Осы істер бойынша қабылданған үкімдер негізге алынған.
Бүгін қылмыстық істердегі құжаттар мен фотосуреттер түсірілді, алдын ала тергеу кезіндегі бейнажазбалар көшірілді, одан басқа, осы істер бойынша үкім қабылдаған судья Сабыров Асхат сұхбат берді.
Қызылорда облысының қылмыстық істер
жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының
баспасөз қызметі