2015 ЖЫЛДЫҢ СОҢЫНА ДЕЙІН ЭНЕРГИЯ ТИІМДІЛІГІ ҚОРЫНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ӘЗІРЛЕНЕДІ
2015 жылдың соңына дейін энергия тиімділігі қорының тұжырымдамасы әзірленеді. Бұл туралы бүгін тілшілерге ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Бүгін біз энергия тиімділігі қорын құру мәселесін талқыладық. Мұндай қорды құру «100 нақты қадам» жосапарында айқындалған. Жыл соңына дейін энергия тиімділігі қорының тұжырымдамасын әзірлейміз. Бұл орайда, Дүниежүзілік банкпен ынтымақтастық орнату маңызды, өйткені, бұл банктің тәжірибесі әлемдегі үздіктердің қатарында. Сондықтан бұл бағдарлама сәтті жүзеге асырылады деген ойдамыз», - дейді А.Рау.
Айта кетейік, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірлесіп, «Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру» жобасын жүзеге асыруды бастамақ. 21,7 млн доллар көлеміндегі грантты Швейцария даму және ынтымақтастық агенттігі бөліп отыр.
Жоба мемлекеттік және әлеуметтік нысандардың энергия тиімділігін арттыруға бағытталған. Сондай-ақ институционалдық базаны жақсарту, оның ішінде энергия үнемдеу саласындағы жобаларды қаржыландыру тетігін әзірлеу көзделген.
Жоба аясындағы алғашқы іс-шаралар 2016 жылы Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында 19 әлеуметтік нысанды (8 мектеп және 11 балабақша) қамтиды.