ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА АЛҒАШ РЕТ МЕКТЕП ҚАБЫРҒАСЫНДА «КӘСІПКЕРЛІК НЕГІЗДЕРІ» ПӘНІ ОҚЫТЫЛМАҚ
Қазақстан Республикасындағы болып жатқан саяси - әлеуметтік, экономикалық өзгерістер білім беру жүйесін өзгеше құруды талап етуде. Осы орайда оқушыларга бизнес саласында мектеп қабырғасында білім алу қажеттігі туралы айтылып жүр. Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының ықпалымен Республикамызда алғаш рет 8-11 сынып оқушыларына арналған 34 сағат көлеміндегі «Кәсіпкерлік негіздері» пәні енгізілді. Бұл туралы Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Дінмұхамед Абсаттаров Тамыз Кеңесіндегі баяндамасында хабарлады.
«Биылғы оқу жылында Қызылорда қаласындағы №9 мектеп-гимназия базасында 8-11 сынып оқушыларына арналған 34 сағат көлеміндегі «Кәсіпкерлік негіздері» пәні енгізілді. Облыстың 30 мұғалімі 72 сағат көлемінде «Кәсіпкерлік және кәсіби бағдар беру негіздері» курсы бойынша біліктіліктерін көтеруге жағдай жасалынды. Айта кетейік, бұл бірлескен жұмыс елімізде Қызылорда облысында АЛҒАШ РЕТ жүзеге аспақ. Осы орайда бірілесіп жұмыс жасаған облыс әкімдігі мен білім басқармасына алғысымызды жеткіземін. Жыл басында қол қойылған мемарандум аясында атқарылған бұл жұмыстар жас ұрпақтың кәсіпкерлікті мектеп жасынан меңгеруіне, жастарымыздың нарық талабына сай мамандық таңдауына бірігіп жұмыс жасайтындығымызға сеніміміз мол,»- деді Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Дінмұхамед Болатұлы.
Айта кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы биылғы кезекті жолдауында отбасылық бизнесті дамытуға байланысты ұлттық кәсіпкерлер палатасына тапсырма берген болатын. Бұл аталған жұмыстар бизнеске кіріспені мектеп қабырғасынан бейімдеуге бағытталады.