ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ АУМАҒЫНДА ЖАУЫН ЖАУЫП, ЖЕЛ КҮШЕЙЕДІ
Республиканың басым аумағында атмосфералық ағымдардың өтуінен жауын жауып, жел күшейеді. Еліміздің оңтүстігінде, батысы мен солтүстік-батысында күн ашық болады, деп хабарлайды BNews.kz.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Қостанай, Павлодар, түнде Алматы, күндіз Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Маңғыстау облысында түнде кей бөліктерде найзағай жарқылдайды, 15-20 м/с жылдамдықпен жел күшейеді. Батыс Қазақстан, Ақтөбе өңірлерінде кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Жамбыл облыстарында төтенше өрт қаупі сақталады.