КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР СОТЫНДА СЕМИНАР САБАҒЫ ӨТТІ
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы Қ.Сағдатова Астана қаласында қыркүйек айының 1-4-і аралығында ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы Сот төрелігі институтының кеңсе меңгерушілері мен мамандарының біліктілігін арттыру курсын оқып, өз білімін жетілдірді.
Осыған орай, тәжірибе бөлісу мақсатында, 2015 жылдың 9 қыркүйегінде Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында семинар сабағы өтті, деп хабарлайды соттың баспасөз қызметінен.
Мұнан өзге, семинар сабағында аудандық, облыстық және оған теңестірілген соттарда іс номенклатурасына сәйкес «Төрелік» жүйесі бойынша іс қағаздарын жүргізу, ҚР Жоғарғы Сотының ішкі порталы, сот органдарының «Сот құжаттарымен танысу», «Соттық кабинет» Интернет-ресурстарының ақпараттық сервистері, сот статистикасы, сот құжаттарының электронды мұрағаты, сот процестерін аудио, бейне жазбамен қарау тәртібі және т.б. туралы талқыланды.