«ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» ЭКСПЕДИЦИЯСЫ ЖОЛҒА ШЫҚТЫ
Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Ұлы дала елі» республикалық тарихи-мәдени экспедициясы басталды, деп хабарлайды 24.kz.
Астана, Ақтау, Павлодар қалаларынан шыққан топ ай бойы аймақтарды аралап, сапарларын Таразда түйіндейді. Депутаттар, зиялы қауым, журналистер, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен жастар ұйымдарының мүшелері тарихи орындарға соғып, осы тақырып төңірегінде түрлі кездесулер өткізеді. Мақсат – ғылыми-танымдық іс-шаралар арқылы ұлттық және рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу. Сапар соңында қатысушылардың жазбаларынан үш томдық күнделік жарық көреді деп жоспарланып отыр.
- Мұның құндылығы өте мол. Біріншіден, Қазақстандағы тарихи ескерткіштерді түгендейді деп айтуға болады. Бұлар түгендеп, фотоға түсіреді, оның картасын салады. Екіншіден, олар барған жерде елмен кездеседі. Жастармен кездеседі, халықпен кездеседі, - дейді мемлекеттік тарих институтының директоры Бүркіт Аяған.