ҚЫЗЫЛОРДАДА «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» ӨТТІ
2015 жылғы 11 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде «Ашық есік күні» өткізілді.
Болашақта мемлекеттік қызметке орналасуды жоспарлаған жас азаматтар қатысқан іс-шараның мақсаты – оларды Департамент жұмысымен және мемлекеттік қызметке түсу тәртібімен таныстыру, түсіндіру болып табылды.
Қатысушыларды Департамент басшысының орынбасары-Тәртіптік кеңес төрағасы Марат Оразали қарсы алып, мемлекеттік қызмет жабық құрылым болып табылмайтынын және оған түсу ниеті және қажетті біліктілігі бар кез-келген азаматқа қолжетімді екенін атап өтті.
Одан кейін сөзді Департаменттің басқарма және бөлім басшылары алып, Департамент бөлімшілерінің жұмысы және мемлекеттік қызметке түсу тәртібі жайлы толығырақ баяндап берді.
Департаменттің басқарма басшысы Берікбол Байхожаев кадр саясатының құрылу тәртібі мен мемлекеттік қызметке қабылдау жағдайын түсіндіре отырып, мемлекеттік қызмет ол – мемлекеттік биліктің институтынан толыққанды әділ және профессионалды жүзеге асырылатын халыққа қызмет ету екендігін түсіндіріп өтті.
Іс-шара барысында қатысушыларға «Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу тәртібі» атты жадынамалар таратылып, тақырыптық бейнеролик және слайдтар көрсетілді.
Ашық есік күніне қатысушылар осындай кездесулердің маңыздылығын атап өтті. Өз кезегінде, Департамент қызметкерлері өз тарапынан әрқашан мемлекеттік қызметке түсу және өткеру бойынша қажет ақпарат беруге дайын екендігін айттты.