СЫР ӨҢІРІ ЕЛОРДАҒА ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҒЫН ТОЙЛАУҒА СӘН-САЛТАНАТЫМЕН ЖЕТТІ
Бүгін Астана қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған Тәуелсіздік сарайында Елбасы қатысуымен басталатын мерейтойлық екі күндік шара түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің 5-ші саммитіне және «Барыс» мұз айдынындағы театрландырылған қойылыммен жалғасады. Ал ертеңгі мерекелік шаралар «Қазақ елі» ескерткіші алдында бастау алып, этноауыл алаңында жалғасады.
Еліміздегі айтулы мерекені тойлауға өз сән-салтанатымен жеткен Сыр өңірі этноауыл алаңына ұлттық нақышта жабдықталған 3 киіз үй тігеді. Мерекелік шараға Қызылорда облысынан барлығы 150-ге жуық өнерпаздар мен мәдениет саласының қызметкерлері қатысады.
Концерттік бағдарламада Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрі, «Томирис» би ансамблі, жыршы-жыраулар, балалар шығармашылығы фестивалінің лауреаттары өнер көрсетеді.
Бағдарлама аясында Сыр елі өнер шеберлерінің 1 сағаттық концерті, «Ұлықталсын ұлы дала тарихы» атты облыс музейлері қорындағы жәдігерлерден көрме, зергерлік, кілем тоқу өнері, ағаштан бұйымдар жасау бойынша шеберлік дәрістері ұйымдастырылып, қолөнер шеберлерінің бұйымдарынан сату көрмелері және ұлттық тағамдардан Сыр дәмдері ұсынылады.