ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРІ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ АВТОЖОЛДАРЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫН ТЕКСЕРДІ
Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев «Нұрлы жол» Мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан Алматы-Қапшағай автомобиль жол бөлігін тексерді.
Алматы-Қапшағай автожолының құрылысы және жол саласындағы «Нұрлы жол» бағдарламасының орындалу барысы туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Төрағасының орынбасары Ұлан Әліпов баяндады. Ол өзінің баяндамасында, қазіргі уақытта Алматы облысында ұзындығы 539 шақырым автомобиль жолында қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқандығын айтты. Сондай-ақ, Алматыдан Талдықорғанға дейін 235 шақырымда және «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автомобиль дәлізінің «Алматы-Хоргос» жолының 304 шақырым бөлігінде жұмыстар атқарылуда.
Алматы-Қапшағай бөлігінде құрылыс жұмыстары 3 бөлікте жүргізілуде, Алматы-Қапшағай тасжолының 63 шақырымы 6 жолақты жүру бөлігі болып қайта қалпына келтіріледі. Қалған 41 шақырым жол 4 жолақты болады. Жол цементбетон төсемімен І техникалық дәрежелер көрсеткіші бойынша салынады. Қапшағай – Талдықорған автожолында 6 бөлікте жұмыстар жүргізілуде.
Жалпы, 2015 жылдың қорытындасы бойынша Алматы-Талдықорған бағыты бойынша 94 шақырым автожол пайдалануға беріліп, Алматыдан Талдықорғанға дейін бір жолақта көлік құралдарының үздіксіз қозғалысы қамтамасыз етіледі.
«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автомобиль дәлізі бөлігінде ағымдағы жылы цементбетон төселген 150 шақырым жолға екі бағытта қозғалыс ашылады. Құрылыс жұмыстарын толығымен аяқтау 2016 жылға жоспарланған.
Қайта қалпына келтіру жобаларына шамамен 2,5 дана жол-құрылыс техникалары және 6 мың адам жұмылдырылған.
Жалпы елімізде ағымдағы жылы 2 173 шақырым жолда қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңында оның 667 шақырымына жол ашылады және 578 шақырым автожол тұрақты пайдалануға беріледі.
Бүгінгі күні 10 мың дана құрылыс техникалары мен 27 мыңнан астам адам жұмысқа тартылған.
Жолдарды қайта қалпына келтіру кезінде қолданылған материалдардың 90% астамы қазақстандық өндіріс материалдары болып табылатындығын айта кеткен жөн. Осылайша, жол құрылысы отандық өндірістің дамуына және еліміздің индустриясына он ықпал етеді.