ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТАРЫ 680 ТОННАҒА ЖУЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМІН ҰСЫНАДЫ
Елордада Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының тауар өндірушілері «Мега» СОО алдындағы алаңда өтетін жәрмеңкеде 680 тоннаға жуық ауыл шаруашылық өнімін сатады, деп хабарлады astana.gov.kz.
Астана қаласы Ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Әсет Құрманғалиевтың айтуынша, жәрмеңкеде әлеуметтік маңызы бар тағам түрлері, атап айтқанда картоп, пияз, қызанақ, қияр және т.б. көкөніс түрлері, ет, балық, кондитерлік өнімдер ұсынылады. Тауарлар нарықтық бағадан 15-20 пайызға арзан сатылады.
Айта кетейік, қазіргі таңда Астанада азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында апта сайын ауыл шаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылып келеді. Жәрмеңке елорданың үш ауданында: «Алматы» ауданында - Абылай хан даңғылы мен Б. Момышұлы даңғылындағы Оқушылар сарайының алдындағы алаңда, «Есіл» ауданында Сауран көшесіндегі Халыққа қызмет көрсету орталығының алдындағы алаңда, «Сарыарқа» ауданында - Бөгенбай батыр даңғылындағы «Көктем» СО ұйымдастырылады.